Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
kozharuy
Описание
Дәстүрлі қазақ шежіресінде қожалар келесіге бөлінген:
Пайғамбардың ұрпағы деп саналатын әулеттер
Әзреті Әлидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы - Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).
Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.
Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.
Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы, Сунақ қожалар (алты сыйық) және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар.
Хазреті Омардың әулеті, Қырық садақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық қожалар.
Жергілікті халықтан шыққан Ислами білім алған, халыққа «илм хикмет» - дін жолын үйреткен тұлғалар және олардың ұрпақтары. Олар: Керейт, Түрікпен қожалар.
Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожа руының таңбасы — « ﺁ » (әлиф - әрпі), ұраны — «Алла», «Қожа Ахмет».